Perwoll Perwoll

Жүннен (мысалы, ангора немесе кашемир) тоқылған нәзік заттарды қалай күтіп ұстау керек?

  • Қолмен жуу немесе жүн жуу бағдарламасы немесе қолмен абайлап жуу
  • Арнайы жұмсақ жуғыш құрал, мысалы, Perwoll Care for Delicates
  • Механикалық түрде араластырмау (ысқыламау, сықпау, т.с.с.)
  • Суын сүлгімен сығып алу
  • Жатқызып кептіру

Жүн мата тақырыбындағы пайдалы кеңестермен бірге көбірек қызықты ақпаратты Жүн мата бойынша нұсқаулықтан таба аласыз.

Неліктен жүн матаны арнайы жуғыш құралмен жуу керек?

Жүннен тоқылған свитерлер, жемпірлер мен бөкебайлар жуған кезде түтілуі мүмкін. Сондықтан қолайлы жуу бағдарламасы мен арнайы жүнге арналған жуғыш құрал керек. Талшық зәмзәмі мен бамбук сіріндісі қосылған Perwoll Care for Delicates құралы киімді жуған сайын оған күтім жасап, оны керемет жұмсартады.

Жүн мата тақырыбындағы пайдалы кеңестермен бірге көбірек қызықты ақпаратты Жүн мата бойынша нұсқаулықтан таба аласыз.

Жүн неліктен түтіліп қалады?

Иірілген жүн жіптің талшығын ысқылау, сығу не қысу арқылы механикалық күш түсіргенде, оның жұқа қылшықтары бір біріне ілініседі. Тым жоғары температурада жуу да жүн талшығының жалбырауына әкелуі мүмкін. Егер жүн жууға арналған құралдың орнына әмбебап немесе түрлі түсті мата жуатын құралды пайдалансаңыз, жүн матаға нұқсан келтіру қатері бар. Нәтижесінде тоқыма заттар бүлінуі немесе тесілуі мүмкін. Сондықтан да ең дұрысы – Perwoll Care for Delicates құралын пайдалану.

Жүн мата тақырыбындағы пайдалы кеңестермен бірге көбірек қызықты ақпаратты Жүн мата бойынша нұсқаулықтан таба аласыз.

Жүн матаны кір жуғыш машинада жуу қажет пе?

Егер киімге “машинада жууға болады” немесе “машинада жууға болатын жүн” деген затбелгі болса, онда проблема жоқ. Мұндай жағдайда, оны жүн жуу циклында жуып, шамамен 20 секунд айналдыруға болады. Өте нәзік жүннен тоқылған киімдерді “жүнге арналған қолмен жуу бағдарламасы” пайдаланылған да жууға болады. Бұл үшін Perwoll Care for Delicates құралын пайдаланыңыз. Оның арнайы көбігі киімді машинада немесе қолмен жуған кезде механикалық бүлінуден қорғайтын қалың төсем түзеді.

Жүн мата тақырыбындағы пайдалы кеңестермен бірге көбірек қызықты ақпаратты Жүн мата бойынша нұсқаулықтан таба аласыз.

Құс мамығы салынған көрпелер мен киімді қалай күтіп ұстауға болады?

Құс мамығы аса созылымды келеді. Мамықтың “салмағы жоқ жылуды” ұсынатыны оны жоғары сапалы төсек-орын мен жып-жылы, ұядай қысқы киім үшін теңдесі жоқ материал етеді. Мамықты, мысалы, Perwoll Care for Delicates құралының көмегімен жүн немесе нәзік мата циклдарында 30°C градуста жуыңыз. Мамық толтырылған тоқыма бұйымдарды немесе төсек-орынды жатқызып жайып, мезгіл-мезгіл қопсыту арқылы кептіруге болады. Немесе оларды киім кептіргіште төмен иемпературада кептіріңіз.

Жұқа іш киім мен шұлықтарды жуған кезде нені ескеру қажет?

Ішкиім, денені мүсіндейтін ішкиім және шұлық-ұйық бұйымдары негізінен полиамид, полиэстер мен полиакрил сияқты жасанды талшықтардан тұрады, оларға кейде шамалы мөлшерде вискоза не мақта мата сияқты басқа талшықтар араластырылады. Бұл талшықтардың көптеген жақсы сипаттары бар: Олар пішінін жақсы сақтайды, мыжылмайды, жууға оңай, тез кебеді және үтіктеуді мүлде дерлік қажет етпейді. Боялған синтетиканы ең көбі 40°C температурада, ең жақсысы Perwoll Care for Delicates құралымен жуған дұрыс. Жуылған кір содан кейін күн жарығы түспейтін жерде іліп кептіріледі. Егер қажет болса, дымқыл шүберектің үстінен төмен қызумен үтіктеңіз.

Зығыр маталарды қалай күтіп ұстаған дұрыс?

Зығыр мата зығыр өсімдігінің сабақтарынан өндіріледі және тоқыма талшықтың ең көне түрлерінің бірі болып табылады. Оның беткі қабаты жылтыр, ұзаққа шыдайды, түтілмейді және тез кірлемейді. Боялған, ағартылмаған зығыр бұйымдарды оңай күтім бағдарламасында ең көбі 40°C температурада, Perwoll Care for Delicates көмегімен жуған дұрыс. Кептірер алдында киім-кешекті пішініне келтіріп созғылап, бір деңгейде іліңіз. Зығыр маталарды киім кептіргіште немесе қатты түскен күн жарығына ілуге болмайды. Зығыр матаны әлі дымқыл күйінде ішкі жағынан үтіктеген дұрыс.

Жібек маталарды қалай күтіп ұстаған дұрыс?

Жібек мата жібек құртының пілләсінен алынады және ол бағалы талшықтардың бірі болып табылады. Жібектен жасалған маталарды жуар алдында түсіне қарай сұрыптау қажет, себебі олар жуған кезде жұғуы мүмкін. Жібекті “жүн” немесе “нәзік мата” циклында 30°C температурада немесе арнайы жібек бағдарламасында жуыңыз. Егер күтіп ұстау туралы затбелгіде жібекті қолмен жууға болады делінсе, оны ысқыламай, үйкелемей, қыспай және сықпай 30°C градустан аспайтын жылы көбікті суға жылдам әрі еппен немесе машинада жүн жуу бағдарламасында жуу керек. Жібекті сабын суға жібітуге немесе ұзақ уақыт қалдыруға болмайды. Таза жібек заттарды жайып кептіріңіз, дегенмен ең дұрысы – жібек көйлектер мен жейделерді киім ілгішке іліп кептіру. Жылыту батареялары мен тура түскен күн сәулесінен алыс ұстаңыз және сәл дымқыл күйінде ыстық емес үтікпен ішкі жағынан үтіктеңіз.

Арнайы спорт киімін, мысалы, сноуборд күртелері мен жүгіруге арналған шалбарды қалай күтіп ұстау керек?

Қорғағыш қабаты бар маталар мен микроталшықтан тігілген әмбебап киім-кешекті Perwoll Active & Sport құралымен жуған дұрыс. Жоғары су деңгейі мен төмен айналдыру жылдамдығы бар “нәзік маталар” циклын пайдаланыңыз. Содан кейін маталардың суын барабанда сарқыңыз.

Синтетика материалдарды киген кездегі жағымсыз иістен қалай құтылуға болады?

Синтетикалық талшықтардан жасалатын материалдар аса сәнді. Оларды ең көбі 40°C температурада "оңай күтім" циклында Perwoll Active & Sport құралымен жуған дұрыс. Арнайы жуғыш құрал жуу барысында талшықтарға тереңнен бойлайды да, жағымсыз иістерді жояды. Кептіру үшін іліп қойыңыз. Тура түскен күн сәулесіне жайып кептіруге болмайды.

Вискозадан жасалған нәзік маталарды қалай жуу керек?

Вискоза – химиялық жағынан өзгертілген табиғи материалдардан алынған талшық. Оның жібекке ұқсастығы, жеңілдігі және еппен сусып тұратын сипаты вискозаны үлкен сұранысқа ие сәнді матаға айналдырады. Егер күтіп ұстау бойынша затбелгіде рұқсат етілсе, вискозаны машинада ешбір қауіпсіз жууға болады. Вискоза механикалық түрде ысқылап жуғанға осал келеді, сондықтан оны "оңай күтім" циклында, барабанның үштен екісін ғана толтырып жуу керек. Тоқыма заттарды тек төмен жылдамдықпен қысқа ғана айналдырып сығып, содан кейін іліп қойып кептіру керек (киім ілгішке ілуге болмайды). Оларды сәл дымқыл күйінде немесе дымқыл шүберек арқылы үтіктеуге болады. Егер вискоза кептірген кезде мыжылып қалса, оны сулап, пішініне келтіріп үтіктеуге болады.

Perwoll ReNew+ кір жуғыш құралын мақта мен зығыр матадын тігілген киім-кешек үшін пайдалануға бола ма?

Perwoll ReNew+ White мақта, зығыр, синтетика, жібек және аралас матадан тігілген ақ түсті киім-кешекті жуу үшін арнайы әзірленген. Ол сондай-ақ перделерді жууға да жарайды: ағартқыш уақыт өте келе өңі кеткен табиғи маталардың түсін біртегіс етіп, сұрғылт тартқан ақ матаны қалпына келтіреді.

Түсі оңған киім неліктен бастапқы ашық түсін жоғалтады?

Жиі-жиі жуу сан алуан жарқын түстердің оңып кетуіне себеп болуы мүмкін. Perwoll ReNew+ өнімдер топтамасындағы бояғышы жоқ арнайы ReNew+ Black, ReNew+ White және ReNew+ Color формулалары сіздің таңдаулы киімдеріңіздің жарқын да көркем өңін қалпына келтіреді. Жуған сайын түсі оңған киім қалпына келіп, бастапқы ашық бояулары мен көркем түсін қайтарып алады.

Perwoll ReNew+ құрамында ағартқыш немесе бояғыштар бар ма?

Perwoll ReNew+ топтамасындағы өнімдердің құрамында ағартқыш пен бояғыштар жоқ: олардың формуласы уақыт өте келе түсі оңған маталардың түсін біртегіс етеді, сонымен қатар сұрғылт тартқан қабатын жойып, бояуларын қайтарады. Тек біртегіс маталар ғана жарықты жақсы шағылыстырып, түстерді жарқын етеді.

Сұрғылт тартқан ақ түсті киімдерді қалай қалпына келтіруге болады?

Жалпы, ақ түсті киімнің матасын тазалаумен қатар, оны біртегіс әрі ықшам күйінде ұстау керек, сонда жарықты жақсы шағылыстырып, кіим-кешек жап-жаңа сияқты сақталады. Perwoll ReNew+ White жуғыш құралының арнайы формуласы уақыт өте келе түсі оңған маталарды біртегіс етеді. Жуған сайын сұрғылт тартқан киім-кешек қалпына келіп, ақ түстер жарқын өңін қайтарып алады. Формуланың құрамында ағартқыш жоқ.

Перделерді қалпына келтіру үшін қалай жууға болады?

Perwoll ReNew+ White құралын ақ түсті перделердің жарқыраған әсемдігін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Ағартқышы жоқ арнайы формула мақта матадан, зығырдан және синтетикадан тігілген ақ түсті киім-кешекті күтіп ұстау үшін арнайы әзірленген. Ол сондай-ақ перделердің бастапқы жарқыраған әсем түсін қалпына келтіріп, ақ шаңқан етеді.

Киімдерімнің түсін жап-жаңа сияқты етіп сақтау үшін не істеуім керек?

Perwoll ReNew+ Color уақыт өте келе түсі оңған маталарды біртегіс етеді және түсі оңған киімді қалпына келтіреді. Тек түсі біртегіс маталар ғана жарықты жақсы шағылыстырып, түстерді жарқын етеді.
Perwoll ReNew+ Color сондай-ақ кір жуған кезде бояудың бір киімнен екіншісіне жұғуына жол бермейді және түстерді қалпына келтіреді. Бұл формуланың құрамында бояғыш жоқ.