Perwoll Күтім көрсету және Қалпына келтіру

Сүйікті киіміңізде пайда болған түйірлерге "ЖОҚ" деп айтыңыз!

Fibrex-tech* формуласы бар Perwoll кір жууға арналған қалпына келтіретін гелі матаға күтім жасайды, түйірлерді 80%-ға дейін жояды және жүйелі пайдаланған кезде олардың пайда болуын алдын алады.
*Фибрекс-тек
**Нәтиже 20 рет кір жуғаннан кейін жеткізіледі, мақта және мақта аралас маталарға арналған, Хенкель ішкі зерттеулер нәтижелерімен расталған

Футболкалардан бастап свитерлерге дейінгі сүйікті киімдеріміздің жиі жуғаннан әдемілігін жоғалтқанын көргеннен бәрімізге өте ренішті болады. Матаның талшықтары зақымданады, түйірлер пайда бола бастайды, және бұл киімді тоздырады. Fibrex-tech® формуласы бар Perwoll Күтім көрсету және Қалпына келтіру кір жууға арналған құралы, жаңа матаны зақымдану белгілерінен қорғап қана қоймай, бірнеше жуғаннан кейін 80%**-ға дейін көрінетін қылшықтар мен түйірлерді жояды.

Дұрыс мөлшерлеу

Бұйымдардың заттаңбаларындағы кір жуу бойынша ұсынымдарды үнемі орындап отырыңыз. Perwoll-ды кір жууға арналған негізгі құрал ретінде пайдаланыңыз. Perwoll-ды кір жуғыш ұнтаққа арналған бөлімшеге құйыңыз.

Машинамен кір жуу (жұмсақ және қалыпты су)

  • 60 мл: жеңіл ластану
  • 90 мл: орташа ластану
  • 120 мл: қатты ластану

Қолмен кір жуу

  • 40 мл 5 л-ге

Температура

  • 30 °C-тан 60 °C-қа дейінгі температурада жууға жарамды

Шығысы

  • 1 л = 16 рет кір жуу (2-3 кг-нан)

Маталардың әрбір түрі үшін жарамды, олардың ішіне жүннен және жібектен тігілген киім кірмейді, себебі оны Perwoll Жүн мен Жібек құралын пайдаланып жуу жөн көрінеді.

Басқа өнімдер

Киіміңізді күтіп ұстау үшін бұрынғыдан көп өнімдерді табыңыз.

  • Perwoll Жүн және Жібек

  • Нәзік хош иісі бар ұқыпты кір жууға* арналған №1 гель

  • Perwoll Ақ түсті және матаны қалпына келтіру әсері

  • Қара түсті және матаны қалпына келтіру әсері

  • Түсті және Матаны қалпына келтіру әсері